«Атырау» өз алаңына оралады
«Атырау» клубы ҚПЛ матчтарын «Судоремонтник» стадионында өткізуге рұқсат алды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Атыраудағы «Судоремонтник» стадионы Қазақстан футбол федерациясының лицензиялау рәсімінен өтіп, Қазақстан Премьер-лигасының матчтарын қабылдауға рұқсат алды.
Клубтың баспасөз қызметінің мәліметінше, стадионды қайта жаңғырту және қажетті инфрақұрылымды жаңарту жұмыстары Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен жүргізілген. Арена ҚФФ талаптарына сәйкестендірілді.
Осы рұқсаттың арқасында «Атырау» биылғы чемпионаттың соңғы екі кездесуін өз алаңында өткізеді. Осылайша, команда туған қаласында жанкүйерлерінің алдында қайта ойнайды.
14 қазанда атыраулықтар семейлік «Елімайды» қабылдаса, 25 қазанда павлодарлық «Ертіспен» кездеседі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или