«МЮ» клубының жас таланты «Реалға» ауысуға жақын

«МЮ» клубының жас таланты «Реалға» ауысуға жақын

«Манчестер Юнайтедтің» жас шабуылшысы Джей-Джей Габриэл мансабын мадридтік «Реалда» жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

Football365 мәліметінше, испаниялық алпауыт 16 жастағы футболшының трансфері бойынша келісімге келуге жақындаған. «Реал» ойыншының да, ағылшын клубының да талаптарын орындауға дайын.

Болжам бойынша, корольдік клуб жас шабуылшының трансфері үшін шамамен 15 миллион еуро төлеуі мүмкін. Бұған дейін Габриэлдің қаржылық талаптары да белгілі болған. Жас футболшы жылына кемінде бір миллион еуро жалақы алғысы келеді.

Шабуылшыға Еуропаның басқа да жетекші клубтары қызығушылық танытқан. Олардың қатарында «Барселона», Мюнхеннің «Бавариясы» және француздық «Пари Сен-Жермен» бар.

Соған қарамастан, Габриэл әлі де «Манчестер Юнайтедтің» ойыншысы саналады. Бұған дейін футболшы отбасымен бірге манкуниандық клуб басшылығына командадан кетуге рұқсат беру туралы өтініш жасаған. Бұған оның болашағы мен негізгі құрамдағы ықтимал рөліне қатысты келіспеушіліктер себеп болған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или