Анарбеков «Қайраттың» қақпашылар арасындағы рекордын жаңартты

Анарбеков «Қайраттың» қақпашылар арасындағы рекордын жаңартты

«Қайрат» қақпашысы Темірлан Анарбеков Қазақстан чемпионатында сенімді өнер көрсетіп келеді. 22 жастағы қақпашы қатарынан 180 минут бойы қақпасына гол жіберген жоқ, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазір Анарбеков Қазақстан чемпионаты қақпашылары арасында жалғасып жатқан «құрғақ» серия ұзақтығы бойынша көш бастап тұр. Одан кейін «Атыраудың» қақпашысы Нұрасыл Тоқтаров келеді. Оның гол жібермеген сериясы 154 минутқа жеткен.

Қазақстан Премьер-лигасындағы қақпашылардың қазіргі «құрғақ» сериясы бойынша үздік ондығы:

  1. Темірлан Анарбеков («Қайрат») – 180 минут;
  2. Нұрасыл Тоқтаров («Атырау») – 154;
  3. Адам Ковач («Қайсар») – 150;
  4. Александр Заруцкий («Ақтөбе») – 126;
  5. Егор Цуприков («Елімай») – 124;
  6. Данило Кучер («Алтай») – 114;
  7. Йосип Чондрич («Астана») – 101;
  8. Қажымұқан Төлепберген («Ордабасы») – 97;
  9. Степан Сикач («Жетісу») – 90;
  10. Мұхаммеджан Сейсен («Астана») – 90.

Ал Қазақстан чемпионаттары тарихындағы абсолютті рекорд әзірге Сергей Бойченкоға тиесілі. 2005–2006 жылдардағы маусымдарда «Қайраттың» бұрынғы қақпашысы 921 минут бойы қақпасына гол жібермеген.

Ал осы маусымдағы ең үздік нәтиже «Оқжетпес» қақпашысы Мирослав Лобанцевке тиесілі. Оның «құрғақ» сериясы 459 минутты құрады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или