Ламин Ямаль өз мақсаттарымен бөлісті
«Барселонаның» шабуылшысы Ламин Ямаль 2026/27 жылғы маусымда алдына және командасына қандай мақсаттар қойып отырғанын айтты. Испаниялық футболшы каталондықтардың Чемпиондар лигасы жалпы кезеңіндегі алғашқы матчы қарсаңында не күтетінін бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz.
9 қыркүйекте «Барселона» «Фейеноордпен» кездеседі. Ойын «Спотифай Камп Ноу» стадионында өтеді.
Ямальдің айтуынша, команданың басты мақсаты – жаңа жүлделер үшін күресу. Ал 19 жастағы футболшы жеке тұрғыда дамуын жалғастырып, ойын сапасын жақсартуға ниетті.
«Командалық деңгейде титулдарды жеңіп алуды жалғастырғымыз келеді. Ал жеке мақсаттарыма келсек, әрі қарай да дамығым келеді. Мен әлі де өте жаспын және жақсара аламын. Сондықтан қазір мен үшін ең маңыздысы – даму», – деді Ямаль.
Жаңа маусымның басында шабуылшы Ла Лигада төрт матч өткізіп үлгерді. Оның еншісінде төрт гол бар.