Петропавл футболдан Қазақстан чемпионатының финалын қабылдайды
Футболдан Қазақстан әйелдер чемпионатының 2026 жылғы маусымындағы шешуші ойындарды Петропавл қаласы қабылдайды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жартылай финалдық кездесулер 14 қыркүйекте «Қарасай» стадионында өтеді. Ал қола жүлде үшін матч пен финалдық ойын 17 қыркүйекке жоспарланған.
Еске салайық, А конференциясынан финалдық кезеңге «БИІК-Шымкент» пен түркістандық «Тұран» жолдама алды. В конференциясының алғашқы өкілі – елдің қазіргі чемпионы «Ақтөбе». Соңғы жолдама үшін «Жеңіс» пен «Қызылжар» таласуда.
Чемпион атанған команда келесі маусымда УЕФА Чемпиондар лигасында өнер көрсету құқығына ие болады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или