Андреа Белотти «Моденаға» ауысуға жақын
Италия құрамасындағы өнерімен танымал шабуылшы Андреа Белотти B сериясында өнер көрсететін «Модена» клубымен келіссөздер жүргізуде, деп хабарлайды Prosports.kz.
Италияның ANSA басылымының мәліметінше, тараптар ынтымақтастық шарттарын келісіп қойған. 32 жастағы шабуылшы алдағы маусымда «Модена» сапында өнер көрсетеді.
7 қыркүйек күні кешке футболшы Модена қаласына келді. 8 қыркүйекте медициналық тексеруден өтіп, содан кейін келісімшартқа ресми түрде қол қойып, команда жаттығуларына қосылады деп күтілуде.
Белоттидің соңғы клубы «Кальяри» болды. Оның бұл командамен келісімшарты өткен жылдың 30 маусымында аяқталған. Өткен маусымда А сериясында шабуылшы сегіз кездесуге қатысып, екі гол соқты.
Қыркүйек айында Белотти тізесінің айқас байламы жыртылып, ота жасатты. Ол жарақатынан айығып, маусымның соңына қарай ғана алаңға оралды.