«Барселона» өз алаңында «Валенсияны» талқандады

«Барселона» өз алаңында «Валенсияны» талқандады

Жексенбі, 6 қыркүйекте Испания чемпионатының 4-туры аясында «Барселона» өз алаңында «Валенсияны» 5:0 есебімен ойсырата жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесудің басты қаһарманы каталониялықтардың жас шабуылшысы Ламин Ямаль дубль авторы атанды. Сондай-ақ жартылай қорғаушылар Фермин Лопес, Рафинья және Педри бір-бір голдан соқты.

Осы сенімді жеңістің арқасында «Барселона» маусым басындағы мінсіз сериясын жалғастырды. «Барселона» 12 ұпаймен турнир кестесінде жеке-дара көш бастап тұр.

Ал «Валенсия» терең дағдарысты бастан өткеруде. Қоржынында небәрі бір ұпайы бар «жарқанаттар» чемпионаттың соңғы, 20-орнына түсіп қалды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или