«Каспийдің» маңызды ойыншыларының бірі «Қайратпен» матчқа қатыспайды

«Каспийдің» маңызды ойыншыларының бірі «Қайратпен» матчқа қатыспайды

Алматылық «Қайрат» пен ақтаулық «Каспий» арасындағы Қазақстан Премьер-лигасының кейінге шегерілген 6-тур ойыны бірнеше негізгі футболшының қатысуынсыз өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қонақтар сапында сары қағаздар лимитіне байланысты португалиялық қорғаушы Андре Амараль алаңға шыға алмайды. Ол маусымдағы төртінші ескертуін 24-турда «Тоболға» (1:0) қарсы кездесуде алды. Бұл футболшының осы маусымдағы алғашқы дисквалификациясы емес. Бұған дейін де ол дәл осындай себеппен «Ұлытауға» қарсы матчты өткізіп алған.

26 жастағы легионер осы маусымда 20 матчқа қатысып, екі гол соғып, бір нәтижелі пас берді.

Алаң иелерінің де құрамында да дисквалификацияға байланысты Ойва Юккола мен Александр Широбоков бұл кездесуге қатыспайды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или