Алмат Бекбаев ҚПЛ-дан қай клубтар ұшып кететінін айтты
Қазақстан құрамасының бұрынғы қақпашысы Алмат Бекбаев ҚПЛ турнир кестесінің төменгі бөлігіндегі жағдайға қатысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Sports.kz сайтының мәліметінше, маманның пікірінше, 2026 жылғы маусым қорытындысы бойынша жоғары дивизионнан кетуге басты үміткер — бес команда. Олардың үшеуі жағдайды түзету үшін бас бапкерлерін ауыстырып үлгерген.
Ал «Алтай» мен «Жетісу» әзірге ешқандай қадам жасап жатқан жоқ. Ол оң мысал ретінде маусым соңында бас бапкерін ауыстырған «Ертісті» атап өтті. Жаңа маман келгеннен кейін команда бірден серпіліс алып, «Ақтөбеге» қарсы матчта маңызды үш ұпайға қол жеткізді. Нәтижесінде павлодарлық клуб соңғы орыннан көтерілді.
Сарапшы «Алтай» мен «Жетісудың» қазіргі ұстанымына таңданысын білдірді. Оның сөзінше, бұл командалардың қауіпті аймақтан шығуға мүмкіндігі де, ресурсы да бар. Алайда әзірге екі клуб та тек жеңіліс сериясын жалғастырып келеді.
Айта кетейік, ҚПЛ-дің 25-тур ойындары 5 және 6 қыркүйекте өтеді. Қазақстандағы футбол маусымы қараша айының басында аяқталады.