«Шахтер» жастар командасын Бірінші лигада ойнатуды қарастыруда

«Шахтер» жастар командасын Бірінші лигада ойнатуды қарастыруда

Қарағандылық «Шахтер» келесі маусымда жастар командасын Бірінші лигаға қатыстыру мүмкіндігін қарастыруда, деп хабарлайды Prosports.kz.

AmanVIBE мәліметінше, клуб басшылығы қазіргі таңда Екінші лигада көш бастап келе жатқан резервтік құрамды жоғары дивизионға ауыстыруды жоспарлап отыр.

Сонымен қатар «кеншілердің» селекциялық қызметі Премьер-лигада өнер көрсетіп жатқан негізгі команда құрамын күшейту жұмыстарын жүргізуде. Скауттар Владислав Хрущак пен Михаил Габышев трансфер нарығындағы қолжетімді нұсқаларды зерттеп жатыр.

Қарағандылықтардың легионерлердің рұқсат етілген ең көп санын тіркеуі, сондай-ақ ұлттық құрамаға үміткер және қазіргі таңда елдің бас командасында өнер көрсетіп жүрген футболшыларды қатарға қосуы күтіледі.

Сонымен бірге клуб жергілікті тәрбиеленушілерді дамыту бағытын сақтап, оларға жоғары деңгейде өздерін көрсетуге мүмкіндік беруді көздеп отыр.

Андрей Финонченконың жетекшілігіндегі команда келесі маусымда ҚПЛ-ға қатысу құқығын мерзімінен бұрын қамтамасыз етіп, турнир кестесінде сенімді көш бастап келеді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или