Энцо Фернандес футбол тарихындағы ең қымбат ойыншылардың қатарына кірді
Аргентина құрамасының жартылай қорғаушысы Энцо Фернандес мансабын «Манчестер Ситиде» жалғастырады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ағылшын клубы футболшының трансфері үшін «Челсиге» €145 млн төледі. Осылайша, бұл келісім әлем футболы тарихындағы ең қымбат бес трансфердің қатарына енді.
Әлемдегі ең қымбат трансфер әзірге Неймардың ауысуы болып отыр. 2017 жылы ПСЖ бразилиялық шабуылшыны «Барселонадан» €222 млн-ға сатып алған. Екінші орында Килиан Мбаппе тұр. Париждік клуб 2018 жылы француз шабуылшысы үшін «Монакоға» €180 млн төледі. Үшінші орында Усман Дембеле орналасқан. Ол 2017 жылы дортмундтық «Боруссиядан» «Барселонаға» ауысқан. Трансфер құны €148 млн болды.
Топ-5 тізіміндегі қалған екі позицияны €145 млн-дық трансферлер иеленеді. 2025 жылы «Ливерпуль» Александер Исакты «Ньюкаслдан» дәл осы сомаға сатып алған болатын. Енді дәл осындай баға Энцо Фернандестің «Челсиден» «Манчестер Ситиге» ауысуына белгіленді.