Месси Аргентина құрамасындағы мансабын аяқтайтынын мәлімдеді
Тарихтағы ең ұлы футболшылардың бірі саналатын 39 жастағы футболшы Лионель Месси Аргентина құрамасындағы мансабын аяқтады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Месси Аргентина Испаниядан жеңілген әлем чемпионатының финалынан кейін ұлттық құрама сапындағы өнерін жалғастыру керек пе деген мәселені ұзақ ойлағанын айтып, ақыры мансабын аяқтау туралы шешім қабылдағанын жеткізді.
«Бұл маған ауыр тиген және әлі де жанымды ауыртатын шешім болды. Бірақ оның уақыты келгенін түсінемін. Ант етемін, мен әрдайым өзімді толықтай арнадым. Тек соңғы жылдары барлық жерде жеңіске жеткен кезімізде ғана емес, оған дейін де бар күшімді салдым. Осы жейде үшін, сіздерге қуаныш сыйлау үшін және футбол арқылы аргентиналық екендеріңізді мақтан тұтуға мүмкіндік беру үшін әрдайым күресіп, 100 пайыз күш жұмсадым», – деп жазды Аргентина құрамасының капитаны.
Футболшы бұл жазбаны әлем чемпионатының финалынан екі күн өткен соң, 21 шілдеде жазғанын атап өтті. Ол енді «әкесімен болған жағдайдан кейін» өз шешіміне бұрынғыдан да сенімді екенін түсіндірді. Тамыз айының басында Мессидің әкесі Хорхе ұзақ уақытқа созылған аурудан кейін 68 жасында өмірден өткен болатын.
Лионель Месси Аргентина құрамасында 2005 жылдан бері өнер көрсетті. Ұлттық команда сапында ол 2022 жылғы әлем чемпионатында, екі рет Америка кубогында (2021, 2024) және Финалиссимада (2022) жеңіске жетті. Месси Аргентина құрамасы сапында 207 матч өткізіп, 125 гол соққан.
Клубтық деңгейде ол АҚШ-тың MLS чемпионатында өнер көрсететін «Интер Майами» сапындағы мансабын жалғастыра береді.