Неймар әлем чемпионаты тарихындағы ерекше рекорд иесі атанды
Бразилия құрамасының шабуылшысы Неймар әлем чемпионатынла ең көп ереже бұзушылыққа ұшыраған футболшы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Opta мәліметінше, 2014 жылдан бері әлем чемпионаттарында қарсыластар Неймарға қарсы 61 рет тәртіп бұзған. Бұл турнир тарихындағы ең жоғары көрсеткіш.
Сонымен қатар, бразилиялық жұлдыздың арқасында қарсылас футболшылар 13 сары және қызыл қағаз алған. Бұл да әлем чемпионаттарындағы рекорд саналады.
Айта кетелік, Неймар әлем чемпионаты аясында Шотландияға қарсы матчқа қатысып, Бразилия құрамасының 3:0 есебімен жеңіске жетуіне көмектесті.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или