«Барселона» Хулиан Альварес бойыншы тағы ұсыныс жасамақ

«Барселона» Хулиан Альварес бойыншы тағы ұсыныс жасамақ

«Барселона» аргентиналық шабуылшы Хулиан Альварес үшін «Атлетико Мадридке» жаңа ұсыныс жасауға дайындалуда, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ұсыныс көлемі 130 миллион еуро және бонусты құрайды деп күтілуде. Бұған дейін мадридтік клуб каталониялық клубтың алғашқы ұсынысы кері қайтарған еді.

Онымен қосы, матрасшылар «Барселонаға» арыз жазу туралы мәлімдеме жасаған еді:

«Хулианның өз арманы бар, біздің де өз армандарымыз бар. Иә, ол бізбен сөйлесті. Бірақ біз өз ұстанымымызды анық жеткіздік: «Атлетико» оны сатқысы келмейді.

Ал «Барселона» барлығына өтірік айтып жүр. Олар бұл трансферді жүзеге асыру мүмкіндігі болмаса да, оны орындай алатындай көрінгісі келеді. Бұл олардың бірінші әрекеті емес, мұны бүкіл футбол әлемі біледі»,- деген еді «Атлетико» директоры Мигель Анхель Хиль.

Айта кетейік, шабуылшы қазір Аргентина ұлттық құрамасы сапында әлем чемпионатында сынға түсуде.

«Реал Мадрид» талантты ойыншысын клубқа қайтарады

Әлем чемпионаты: 25-26 маусымға арналған ойындар кестесі

Әлем чемпионаты: Плей-офф кезеңінің алғашқы жұбы белгілі болды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или