Исмаэль Коне әлем чемпионаты кезінде ауыр жарақат алды

Исмаэль Коне әлем чемпионаты кезінде ауыр жарақат алды

Канада құрамасының жартылай қорғаушысы Исмаэль Коне әлем чемпионаты кезінде алған ауыр жарақатынан кейін ота жасатты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Футболшы жарақатты Катарға қарсы өткен топтық кезеңнің екінші турында алды. Сол кездесуде Канада құрамасы қарсыласын 6:0 есебімен ойсырата жеңген болатын.

Канада футбол қауымдастығының мәліметінше, Коне төменгі аяқ сүйегінің сынуына байланысты ота жасатқан. Дәрігерлер оның толық қалпына келетініне сенімді, алайда футболшы ЧМ-2026-ның қалған матчтарына қатыса алмайды.

Айта кетелік, Канада құрамасы топтық кезеңдегі соңғы ойынын 24 маусым күні Швейцарияға қарсы өткізеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или