«Реал» түлегі Ла Лиганың 33 жыл бойы жаңармаған рекордын жаңартты

«Реал» түлегі Ла Лиганың 33 жыл бойы жаңармаған рекордын жаңартты

«Хетафе» қақпашысы Давид Сория Испания чемпионатында ерекше жетістікке жетті. Ол «Осасунаға» қарсы үшінші тур матчында алғашқы минуттан бастап алаңға шығып, Ла Лига аясында қатарынан 193-рет негізгі құрамда ойнады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Осы көрсеткіші арқылы 33 жастағы қақпашы «Реал Сосьедадтың» аты аңызға айналған жартылай қорғаушысы Хуан Антонио Ларраньяганың рекордын жаңартты. Бұған дейінгі 192 матч қатарынан негізгі құрамда шығу көрсеткішін 33 жыл бойы ешкім өзгерте алмаған.

Сорияның бұл керемет сериясы 2021 жылдың тамызында, «Валенсияға» қарсы матчта алаңға шыққан кезінен басталды.

Давид Сория — Мадридтің «Реал» академиясының түлегі. Ол қазіргі клубы «Хетафенің» намысын 2018 жылдан бері қорғап келеді. Осы уақыт аралығында тәжірибелі қақпашы команда сапында 306 матч өткізіп, 332 гол жіберіп алған және 101 ойында қақпасын голдан сақтаған.



Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или