«Манчестер Юнайтед» Бруну Фернандешке келісімшартын ұзартуды ұсынды
«Манчестер Юнайтед» команда капитаны әрі Португалия құрамасының жартылай қорғаушысы Бруну Фернандешпен ынтымақтастықты жалғастырмақ, деп хабарлайды Prosports.kz.
Журналист Николо Скираның мәліметінше, клуб футболшыға жаңа ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша ұсыныс жасаған. Ақпаратқа сәйкес, манчестерлік клуб басшылығы 31 жастағы жартылай қорғаушыны кем дегенде 2029 жылға дейін командада сақтап қалуды көздеп отыр. Ал Фернандештің қазіргі келісімшарты 2027 жылдың 30 маусымына дейін жарамды.
Фернандеш Англия Премьер-лигасындағы жаңа маусымды сәтті бастады. Португалиялық футболшы екі матчқа қатысып, 3 гол мен 1 нәтижелі пас тіркеді.
Transfermarkt мәліметінше, жартылай қорғаушының қазіргі трансферлік құны 35 млн еуроға бағаланып отыр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или