Англиялық клубтар рекордтық жазғы трансфер маусымын өткізді

Англиялық клубтар рекордтық жазғы трансфер маусымын өткізді

Англия Премьер-лигасының клубтары трансфер нарығында өте қомақты қаржы жұмсады. Әр команда құрамын күшейтуге орта есеппен 181 млн фунт стерлинг, яғни шамамен 211 млн еуро бағыттаған, деп хабарлайды Prosports.kz.

Valuball мәліметінше, трансфер нарығында ең көп шығынданған клуб — «Манчестер Сити». Манчестерлік команда жаңа ойыншыларға 472 млн фунт жұмсады. Одан кейін 351 млн фунтпен «Челси», ал 334 млн фунтпен «Тоттенхэм» орналасқан.

Рейтингтің төменгі бөлігінде «Кристал Пэлас» (51 млн фунт), «Сандерленд» (73 млн) және «Эвертон» (77 млн) тұр. Бұл клубтар жазғы трансферлік науқанға анағұрлым сақтықпен қараған.

Ойыншыларды сатып алумен қатар, олардың сатылымынан түскен қаржыны да есептегенде, ең белсенді клуб «Челси» болды. Лондондық команда футболшыларын сатудан 451 млн фунт тапты. «Манчестер Сити» сатылымдардан 345 млн, ал «Астон Вилла» 294 млн фунт кіріс алған.

Шығындар мен кірістерді салыстырғанда, ең төмен трансферлік баланс «Ливерпульде» болды — −218 млн фунт. Ал «Челси» трансферлік кезеңді ең үздік көрсеткішпен аяқтап, +100 млн фунт балансқа қол жеткізді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или