«Барселонаның» экс-жұлдызы Алексис Санчестің қызы Ресейде шоқындырылды

«Барселонаның» экс-жұлдызы Алексис Санчестің қызы Ресейде шоқындырылды

«Барселона», «Арсенал», «Манчестер Юнайтед» сынды клубтардың сапында өнер көрсеткен чилилік экс-футболшы Алексис Санчестің қалыңдығы, ресейлік модель Александра Литвинова туған жерінде олардың бір жасар қызы Белланы шоқындыру рәсімін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Діни рәсім Челябі қаласында Литвинованың жақын туыстары мен достарының қатысуымен өтті. Атақты футболшының өзі Оңтүстік Оралдағы маңызды отбасылық шараға қатыса алмады. Бұған спорттық күнтізбенің тығыздығы себеп болған. Қазір америкалық MLS лигасында тұрақты чемпионаттың қызған шағы, ал матчтар кестесі шабуылшыға канадалық клубтың орналасқан жерінен кетуге мүмкіндік бермеді.

Александра әлеуметтік желідегі парақшасында бұл күнді соңғы бір жылдағы ең маңызды күндердің бірі деп атады. Оның айтуынша, енді қызы Құдайдың қорғауында болып, қамқор әрі мейірімді кіндік әке-шешелерінің сүйіспеншілігіне бөленеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или