1XBET - ставки на спорт

Әліптің командасы Еуропаның ТОП-10 клубтарының қатарына енді

Әліптің командасы Еуропаның ТОП-10 клубтарының қатарына енді

«Зенит» құрамасы Еуропадағы футбол клубтары арасында ең тұрақты командалардың бірі атанды. Санкт-Петербург клубы Халықаралық футболдағы спорттық зерттеулер орталығы (CIES) жүргізген зерттеуде 9-орынға жайғасты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Зерттеу барысында мамандар футболшылардың өз командаларының негізгі құрамында орта есеппен қанша уақыт ойнайтынын бағалаған. Жарияланған мәліметке сәйкес, «Зенит» ойыншылары клубтың негізгі командасында орта есеппен 3,36 жыл өнер көрсетеді.

Рейтингте испаниялық «Осасуна» 4,78 жылдық көрсеткішпен көш бастады. Екінші орынға 4,22 жылмен «Реал Сосьедад» жайғасса, үздік үштікті 4,17 жылдық нәтижемен Бильбаоның «Атлетигі» түйіндеді.

Ал Ресей чемпионатының биылғы маусымында «Зенит» әзірге бесінші орында келеді. Жеті турдан кейін Санкт-Петербург командасының еншісінде 12 ұпай бар.

Айта кетейік, «Зенит» сапында Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліп өнер көрсетеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или