«Барселона» – «Фейеноорд» матчының тікелей трансляциясы

«Барселона» – «Фейеноорд» матчының тікелей трансляциясы

Бүгін, 9 қыркүйекте каталониялық «Барселона» Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі жолын өз алаңында роттердамдық «Фейеноордқа» қарсы матчпен бастайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Барселона» – «Фейеноорд» матчының тікелей трансляциясы Қазақстан уақытымен 21:45-те басталады. Ойынды осы сілтеме арқылы тамашалауға болады.

Ханси Фликтің жетекшілігіндегі каталониялықтар Ла Лигада маусымды керемет бастап, төрт турда мүмкін болған 12 ұпайдың бәрін жинады. Команда осы кездесулерде 17 гол соғып, жоғары нәтиже көрсетіп отыр.

Айта кетейік, командалар ресми турнирлер аясында 1974 жылдан бері алғаш рет кездескелі отыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или