Менье «Манчестер Ситидің» жаңа ойыншысының трансфер құнын бағалады
«Сандерленд» сапында өнер көрсетіп жүрген Тома Менье марокколық жас жартылай қорғаушы Айюб Буаддидің «Манчестер Ситиге» ауысу құнына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.
ПСЖ мен Дортмундтың «Боруссиясы» клубтарының бұрынғы футболшысы қазіргі футболдағы ойыншылардың трансферлік құнының қарқынды өсуіне де тоқталды.
Буадди жазғы трансферлік кезеңде ағылшын алпауытының сапын толықтырды. «Манчестер Сити» 18 жастағы жартылай қорғаушы үшін француздың «Лилль» клубына 95 миллион еуро төледі. Бұл сома жас футболшылар арасындағы елеулі трансферлердің біріне айналды.
«Айюб – керемет ойыншы. Бірақ шынымды айтсам, қазір ақша туралы талқылаудың мәні жоқ. Өйткені трансферлік сомаларда ешқандай логика қалмады. Біреулер есекке 200 миллион фунт төлей алады, ал тамаша футболшыны 20 миллионға сатып алуға болады. Мұның енді еш мәні жоқ», – деді Менье The Athletic басылымына берген сұхбатында.
Буадди халықаралық аренада да өзін көрсете алды. 2026 жылғы әлем чемпионатында Марокко құрамасы сапында алты матчтың бесеуіне қатысып, әр ойында алаңға негізгі құрамда шықты.