«Ертіс» ҚПЛ аясында «Оқжетпесті» жеңді

«Ертіс» ҚПЛ аясында «Оқжетпесті» жеңді

Павлодарлық «Ертіс» Қазақстан Премьер-лигасының 26-туры аясындағы өз алаңындағы матчта көкшетаулық «Оқжетпесті» жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу алаң иелерінің 2:1 есебіндегі жеңісімен аяқталды.

Матчтың басты кейіпкері «Ертістің» бразилиялық шабуылшысы Леонардо Калил болды. Ол дубль жасап, командасына маңызды үш ұпай сыйлады.

26 турдан кейін «Ертіс» 23 ұпай жинап, турнир кестесінде 12-орында келеді. Ал «Оқжетпес» жеңіліске қарамастан, жоғары орындар үшін күресін жалғастыруда. Көкшетаулық клубтың еншісінде 42 ұпай бар және турнир кестесінің төртінші сатысында тұр.

Келесі турда «Ертіс» сырт алаңда «Алтайға» қарсы ойнайды. Ал «Оқжетпес» өз алаңында «Жеңіспен» кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или