«Астана Арена» 2028 жылы УЕФА Суперкубогын қабылдайды

«Астана Арена» 2028 жылы УЕФА Суперкубогын қабылдайды

Астана 2028 жылы УЕФА Суперкубогы матчтын қабылдайды. Ұйымның атқарушы комитеті Салоникиде өткен отырыста кездесуді өткізу орны ретінде «Астана Арена» стадионын бекітті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Сондай-ақ, УЕФА алдағы жылдары еуропалық клубтық турнирлердің финалдарын қабылдайтын стадиондарды жариялады. 2027 жылғы УЕФА Суперкубогы Амстердамдағы «Йохан Кройфф» аренасында өтеді.

2028 жылғы Чемпиондар лигасының финалы «Мюнхенде» өтсе, бір жылдан кейін басты еурокубоктың шешуші матчын Барселонадағы «Камп Ноу» қабылдайды.

2028 және 2029 жылдардағы Еуропа лигасының финалдары тиісінше Бухарест пен Белградта өтеді. Ал Конференция лигасының шешуші кездесулерін Туриндегі «Ювентус Стэдиум» мен Будапешттегі «Пушкаш Арена» қабылдайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или