Хамес Родригес Колумбия құрамасындағы мансабын аяқтайтынын мәлімдеді
Колумбия құрамасының жартылай қорғаушысы Хамес Родригес ұлттық құрама сапындағы мансабын аяқтайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
35 жастағы футболшы өз үндеуінде бұл шешім үшін қолайлы уақыт келгенін айтып, әрбір матч, қуаныш, көз жасы мен ортақ бақыт үшін алғысын білдірді. Сондай-ақ Колумбия құрамасының намысын қорғау ол үшін үлкен мәртебелердің бірі болғанын атап өтті.
Хамес Колумбияның негізгі құрамасы сапында барлығы 131 матч өткізіп, 31 гол соқты. Осылайша ол оңтүстікамерикалық құрама тарихындағы үздік сұрмергендер тізімінде екінші орында тұр. Бұл көрсеткіш бойынша ол тек Радамель Фалькаодан кейін келеді.
Оның мансабындағы басты турнирлердің бірі – 2014 жылы Бразилияда өткен әлем чемпионаты. Хамес турнирде алты гол соғып, бомбардирлер тізімінде бірінші орын алды. Алайда Колумбия ширек финалда турнир қожайыны Бразилиядан жеңіліп қалды. Әлем чемпионатынан кейін көп ұзамай Хамес «Реал Мадридпен» келісімшартқа отырды.
Сонымен қатар Хамес клуб деңгейінде өнер көрсетуін жалғастырады. Қазіргі уақытта ол колумбиялық «Атлетико Насьональ» сапында ойнайды. Оның клубпен келісімшарты келесі жылдың маусым айына дейін жарамды.