«Аякс» «Тоттенхэмнің» бұрынғы жартылай қорғаушысын қатарға қосты
Мали құрамасының жартылай қорғаушысы Ив Биссума амстердамдық «Аякс» клубының ойыншысы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Нидерланд клубы 29 жастағы футболшымен келісімшартқа отырғанын ресми түрде мәлімдеді.
Биссума командаға еркін агент ретінде қосылды. Оның «Аякспен» келісімшарты 2026/27 маусымының соңына дейін есептелген.
Биссаманың бұған дейінгі клубы лондондық «Тоттенхэм» болды. Мали футболшысы ағылшын командасында 2022 жылдан бері өнер көрсетті. Алайда өткен жазда келісімшарты аяқталған соң клубтан кетті.
Қазіргі таңда «Аякс» Нидерланд чемпионатында төртінші орында тұр. Алты матчтан кейін амстердамдық клубтың еншісінде 13 ұпай бар. Көш бастап тұрған ПСВ-дан үш ұпайға қалып келеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или