Рональд Куманның жұбайы қайтыс болды

Рональд Куманның жұбайы қайтыс болды

Рональд Куманның отбасында қайғылы жағдай болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Нидерландтық танымал маман жұбайы Бартина Куманың қайтыс болғанын хабарлады.

Ол 15 қыркүйекте 65 жасында өмірден озды. Дереккөздің мәліметінше, оның өліміне ұзақ уақыт бойы күрескен онкологиялық ауруы себеп болған.

«Үлкен қайғы мен бірге зор мақтаныш және сүйіспеншілікпен аяулы жарымыз, қымбатты анамыз әрі әжемізбен қоштасамыз.

Бартина Куман-Боддевелд

1961 жылғы 30 қаңтар – 2026 жылғы 15 қыркүйек.

Куман отбасы», – делінген хабарламада.

Куман бұған дейін Нидерланд құрамасын жаттықтырған. Сонымен қатар ол Еуропаның бірқатар клубтарында бас бапкер қызметін атқарды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или