«Арсенал» «Ливерпульдің» 18 жастағы талантын көздеп отыр
Лондондық «Арсенал» «Ливерпульдің» 18 жастағы шабуылшысы Рио Нгумоаны сатып алу мүмкіндігін қарастырып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.
Клубтың жас футболшыға қызығушылық танытып отырғаны туралы FC Podcast эфирінде айтылды.
The Athletic журналисті Дэвид Орнштейннің мәліметінше, «канонирлер» өкілдері жас футболшының ойынын жіті бақылап, оны команданы күшейтудің ықтимал нұсқасы ретінде қарастырып отыр.
«Меніңше, «Арсенал» тарапынан Рио Нгумоаға белгілі бір қызығушылық бар. Оған көптеген клубтың қызығушылық танытып отырғаны анық, өйткені ол өте талантты футболшы.
Жазда оның «Арсеналға» ұнайтынын естіген едім. Бірақ бұл «Ливерпуль» оны сатуға дайын дегенді білдірмейді. Клуб онымен келісімшартты ұзартқысы келеді. Қазіргі келісімшарты 2028 жылға дейін есептелген. Менің білуімше, жаңа келісім бойынша әзірге нақты уағдаластық жоқ», – деді Орнштейн