Суперкомпьютер Сәтпаевтың «Бернли» сапында маусымды қай орында аяқтайтынын болжады

Суперкомпьютер Сәтпаевтың «Бернли» сапында маусымды қай орында аяқтайтынын болжады

«Бернли» Чемпионшиптің жаңа маусымын сәтсіз бастап, жеті турдан кейін турнир кестесінің соңында тұр. Ники Хайен шәкірттері әзірге чемпионатта бірде-бір жеңіске жеткен жоқ, деп хабарлайды Prosports.kz.

Осы сеньіде «бургундықтар» турнир кестесінің төменгі бөлігінде орналасқан «Дерби Каунтиге» қарсы маңызды матч өткізеді. Бұл кездесу қос команда үшін де жағдайды өзгертуге мүмкіндік береді.

Қазіргі қиындықтарға қарамастан, Betarades компаниясының BETSiE аналитикалық моделі «Бернлиді» аутсайдер санамайды. Суперкомпьютер болжамына сәйкес, «Бернли» нәтижелерін біртіндеп жақсартып, соңғы орыннан көтеріліп, маусымды турнир кестесінің ортасындағы 13-орында аяқтайды.

Алгоритм есептеу кезінде xG және xGA көрсеткіштерін, күнтізбенің күрделілігін және маусым алдындағы болжамдарды ескерген. Сол кезде «Бернли» Премьер-лигаға қайта оралуға басты үміткерлердің бірі ретінде қарастырылған.

Суперкомпьютер болжамына қарағанда, жасанды интеллект «бургундықтардың» мүмкіндігін әлі де жоққа шығармай отыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или