Қазақстандық бапкер «Истанбулспордың» жаттықтырушылар штабына қосылды

Қазақстандық бапкер «Истанбулспордың» жаттықтырушылар штабына қосылды

Қазақстандық маман Пиралы Әлиев шетелдік клубта жаңа қызметке тағайындалды. «Каспийдің» бұрынғы бас бапкері қазір Түркияның Бірінші лигасында өнер көрсететін «Истанбулспордың» жаттықтырушылар штабына кірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл Әлиевтің Қазақстан футболындағы жұмысынан кейінгі кәсіби мансабындағы жаңа кезең болмақ. «Истанбулспорда» маман жаңа бас бапкердің штабына қосылып, клубтың ұлттық чемпионаттағы матчтарға дайындығына көмектеседі.

Әлиев 2026 жылғы маусымды «Каспийдің» бас бапкері ретінде бастады. Маман команданы қабылдағанымен, чемпионаттың басталуы сәтсіз болды. Алғашқы турлардан кейін клуб басшылығы бапкермен қоштасу туралы шешім қабылдады.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или