Нұрсұлтановтың титулдық жекпе-жегі кейінге шегерілді

Нұрсұлтановтың титулдық жекпе-жегі кейінге шегерілді

Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов (20-0, 11 КО) пен америкалық Хесус Рамос кіші арасындағы орта салмақтағы титулдық жекпе-жек жоспарланған уақытта өтпейді, деп хабарлайды Prosports.kz.

WBC нұсқасы бойынша «уақытша» әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек 19 қыркүйекте АҚШ-тың Калифорния штатындағы Сан-Диего қаласында орналасқан Pechanga аренасында өтуі керек болған.

Бокс кешін ұйымдастырушылар әлеуметтік желідегі парақшаларында жекпе-жектің кейінге шегерілгенін хабарлады. Ақпарат бойынша Рамос сырқаттанып қалған.

Бокс кешінің файткарды өзгеруіне байланысты Сан-Диегодағы сенбі күнгі бағдарламаны филиппиндік Олимпиада қола жүлдегері Эумир Марсьяль мен мексикалық тәжірибелі боксшы Омар Улисес Уэрта арасындағы рейтингтік жекпе-жек ашады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или