Килиан Мбаппе футболдың төрт аңызын атады

Килиан Мбаппе футболдың төрт аңызын атады

Мадридтік «Реал» мен Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппе футбол тарихындағы ең ұлы деп санайтын ойыншыларын атады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Complex» басылымына берген сұхбатында француз шабуылшысы өзінің басты кумирлерін атап, футбол аңыздарының жеке тізімін жасады.

«Егер нақты орындарға бөлмей, футболдағы өзімнің үздіктерім туралы айтатын болсам, онда бұл тізімде сөзсіз Лионель Месси мен Криштиану Роналду бар. Сондай-ақ бразилиялық Роналдо мен Зинедин Зиданды да міндетті түрде қосамын», – деді Мбаппе.

27 жастағы шабуылшы үшін қазіргі маусым сәтті өтіп жатыр. Ол «корольдік клуб» сапында барлық турнирде өткізген 8 матчта 8 гол соғып, 2 нәтижелі пас берген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или