«Реал» капитаны Вальверде үш айға дейін алаңға шықпайды

«Реал» капитаны Вальверде үш айға дейін алаңға шықпайды

Мадридтік «Реалдың» капитаны Федерико Вальверде жарақатына байланысты ұзақ уақыт ойыннан тыс қалады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Испания чемпионатындағы соңғы матчта жарақат алған уругвайлық жартылай қорғаушыға ұзақ уақыт емделуге тура келеді.

Клубтың ресми арналарының мәліметінше, 28 жастағы футболшының сол жақ тобық буынындағы байламдары зақымданған. Оған үшінші дәрежелі созылу диагнозы қойылды.

Вальверде жарақатты «Атлетикоға» қарсы Мадрид дербиінде алды. Кездесу қарсыластың 2:1 есебімен жеңісімен аяқталды. Матчтың бір сәтінде «Атлетико» ойыншысы Ли Кан Ин уругвайлық футболшының тобық тұсын басып кеткен. Алайда төреші бұл эпизод үшін оған тіпті сары қағаз да көрсетпеді.

Кейін Ла Лига төрешілер корпусының техникалық комитеті эпизодты қарап, Ли Кан Иннің қызыл қағаз алуы керек болғанын мәлімдеді.

Алдын ала болжам бойынша, Вальверденің қалпына келуіне алты аптадан үш айға дейін уақыт қажет. Оның алаңға нақты қашан оралатыны оңалту барысына байланысты болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или