«Қайраттың» экс-жұлдызы мансабын неге аяқтағанын айтты
«Қайрат» пен Бразилия құрамасының бұрынғы шабуылшысы Вагнер Лав футболдағы мансабын аяқтау туралы шешім қабылдауына не себеп болғанын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
— Футболдан кету туралы шешімді қалай қабылдадың? Өйткені қазір де физикалық формаң өте жақсы. Себебі бұл емес пе?
— Жоқ, мен жарақатқа байланысты кеткен жоқпын, әлі де физикалық жағдайым жақсы. 26 қыркүйекте бәрін көресіздер. Бұл шешімді өзім қабылдауым маңызды болды. Егер менен кетуді сұрағанда, бұл ең жақсы сценарий болмас еді.
Қазір, менің ойымша, мансапты аяқтауға жақсы уақыт келді. Көптеген клубтар менің ойнағанымды қалар еді, бірақ мен өзім қалағанның бәрін жасап қойдым. Әрине, егер мені шақырса, мансабымды қайта жалғастырамын, — деді Вагнер Лав Мәскеудің ЦСКА клубының баспасөз қызметіне.