Польшалық футболшы жол апатынан қаза тапты
Польша футболының төртінші дивизионында өнер көрсеткен 20 жастағы Оскар Кордус жол апатынан қаза тапты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Gostyn24 мәліметінше, жол апаты Польшаның батыс бөлігіндегі тасжолдардың бірінде болған. Кордус көлігін өзі жүргізіп келе жатқан және өз жолағымен қозғалған. Сол сәтте маңайда тағы бір жол-көлік оқиғасы болып, басқа көлік жолға жүгіріп шыққан бұғыны қағып кеткен.
Соққыдан жануар жолдың қарсы бетіне ұшып кеткен. Дәл сол уақытта қарсы бағытта Кордустың көлігі келе жатқан. Бұғы футболшының көлігіне соғылып, алдыңғы әйнекті тесіп өтіп, рөлде отырған спортшыны ауыр жаралаған.
Кордус алған жарақатынан көз жұмды. Ал жануарды алғаш қаққан көліктің жүргізушісі ауыр жарақат алмаған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или