Франция құрамасы Мбаппенің жарақаты туралы мәлімдеме жасады

Франция құрамасы Мбаппенің жарақаты туралы мәлімдеме жасады

Килиан Мбаппе Франция құрамасының алдағы матчтарына қатыса алмайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Франция футбол федерациясы шабуылшының ұлттық құраманың орналасқан жерінен кетіп, өз клубында ем-домын жалғастыратынын ресми түрде мәлімдеді.

«Килиан Мбаппе жеңіс голын соғу кезінде тізесінен жарақат алды. Оның сіңірінен зақым анықталды. Осыған байланысты ол ұлттық құраманың қазіргі жиынын толық өткізе алмайды. Тезірек сауығып кетуіңді тілейміз, Килиан!» — деп жазды Франция құрамасының X әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасы.

Мбаппе жарақатты 25 қыркүйекте Ұлттар лигасы аясында Түркия құрамасына қарсы сырт алаңдағы матчта алған. Аталмыш матчта Франция 1:0 есебімен жеңіске жетті. Кездесудегі жалғыз голды 54-минутта Мбаппе соқты. Алайда голдан кейін көп ұзамай шабуылшы жарақатына байланысты алаңнан кетуге мәжбүр болды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или