Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасы аясындағы матчқа құрамын анықтады

Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасы аясындағы матчқа құрамын анықтады

Қазақстан құрамасының Словакияға қарсы Ұлттар лигасының сырт алаңдағы матчына қатыспайтын футболшылары белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Дереккөздің мәліметінше, алдағы кездесуге Бекхан Шайзада, Александр Широбоков, Бауыржан Исламхан және Еркін Тапалов қатыспайды.

Словакия – Қазақстан матчы Кошице қаласындағы «Кошице футбол аренасында» өтеді. Кездесу Астана уақытымен 23:45-те басталады. Матчтың тікелей трансляциясын «Qazsport» телеарнасынан көруге болады.

Словакия құрамасы екінші турға үш ұпаймен жетті. Турнирдегі алғашқы матчында өз алаңында Молдованы 2:0 есебімен жеңді.

Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасы-2026/27 турниріндегі алғашқы кездесуін сырт алаңда Фарер аралдарымен өткізіп, 1:1 есебімен тең түсті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или