Португалия құрамасының бас бапкері Роналдуға неге алаңға шықпағанын түсіндірді

Португалия құрамасының бас бапкері Роналдуға неге алаңға шықпағанын түсіндірді

Португалия ұлттық құрамасының бас бапкері Жоржи Жезуш Ұлттар лигасында Норвегияға қарсы өткен матчта Криштиану Роналдуды неге алаңға шығармағанын түсіндірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ослода өткен кездесу Португалия құрамасының 2:1 есебімен жеңісімен аяқталды. Алайда 41 жастағы Роналду матч бойы алаңға шықпай, кездесуді қосалқы құрамда өткізді.

«Мен оны жарты сағатқа алаңға шығаруды ойладым. Бірақ матчтың барысы басқа шешім қабылдауға мәжбүр етті. Роналдудың алаңға шығуы үшін қолайлы уақыт емес деп санадым. Алда тағы екі матч бар.

Бұл оны физикалық тұрғыда аяу мақсатында жасалған шешім емес. Ол мен қанша уақыт ойнауын қаласам да, сонша ойнауға дайын болды. Мен үшін сол сәтте басқа сипаттағы ойыншы қажет еді.

Бірақ бұл Роналдуға сенбейтінімді білдірмейді. Керісінше, оған сенемін. Мүмкін, Данияға қарсы матчта ол алаңға шығар», – деді Жезуштің сөзін O Jogo басылымы келтірді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или