Карло Анчелотти Рафиньяны жаңа позицияда сынап көрмек

Карло Анчелотти Рафиньяны жаңа позицияда сынап көрмек

Бразилия құрамасының бас бапкері Карло Анчелотти «Барселона» шабуылшысы Рафиньяны орталық шабуылшы ретінде пайдалануды қарастырып отыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы The Touchline жазды. Әдетте шабуылдаушы жартылай қорғаушы позициясында ойнайтын футболшы Бразилия құрамасының алдағы матчында шабуылдың дәл ұшында өнер көрсетуі мүмкін. Мұндай шешімге Рафиньяның клуб деңгейіндегі жоғары нәтижелілігі себеп болып отыр.

Соңғы ойындарда Рафинья «Барселонаның» басты ойыншыларының біріне айналды. «Расингке» қарсы 7:2 есебімен аяқталған кездесуде бразилиялық футболшы хет-трик жасады. Ал келесі матчта «Севилья» қақпасына да гол соғып, командасының 3:1 есебімен жеңуіне үлес қосты.

Қазіргі таңда Рафинья нәтижелілігі бойынша Еуропаның үздік бес чемпионатындағы футболшылар арасында үздік сұрмергендер тізімін бастап тұр.

Анчелотти футболшыны жаңа позицияда сынап көру мүмкіндігіне 29 қыркүйекте ие болуы мүмкін. Бұл күні Бразилия құрамасы Аустралияға қарсы жолдастық кездесу өткізеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или