«Баварияның» экс-ойыншысы Зюле Германияның тоғызыншы дивизионында дебютін өткізді

«Баварияның» экс-ойыншысы Зюле Германияның тоғызыншы дивизионында дебютін өткізді

«Бавария» және «Боруссия Дортмунд» клубтарының бұрынғы футболшысы Никлас Зюле кәсіби мансабын аяқтағаннан кейін әуесқой деңгейде ойнауын жалғастырып жүр, деп хабарлайды Prosports.kz.

31 жастағы неміс футболшысы енді Германияның тоғызыншы дивизионында өнер көрсететін «Тифенбах» командасының сапында ойнайды. Алайда ол бұл жолы өзіне үйреншікті емес позицияда алаңға шықты.

Команданың негізгі қақпашысы қолын сындырып алғаннан кейін, оның орнына Зюле қақпаны қорғауға мәжбүр болды. Экс-қорғаушының қақпашы ретіндегі ойынынан видео әлеуметтік желілерде тарады. Эпизодтардың бірінде неміс футболшысы қақпа бағанымен соқтығысып, қақпаны орнынан жылжытып жіберген.

Зюленің қақпашы ретіндегі дебюті «Хельмштадтқа» қарсы матчта өтті. Ол бірнеше рет командасын голдан құтқарғанымен, «Тифенбах» 1:2 есебімен жеңіліп қалды.

Неміс футболшысы жаңа позициясындағы екінші матчта да негізгі құрамда алаңға шықты. Бұл жолы «Тифенбах» «Эпфенбахты» 3:2 есебімен жеңді.

Зюле мансабында жоғары деңгейде «Бавария» сапында өнер көрсетіп, Германия чемпионы атанды. Ол мюнхендік клубпен бірге ел чемпионатында бес рет чемпиондық атақты жеңіп алған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или