Қазақстан құрамасы Словакияға есе жіберді
Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының жаңа маусымындағы алғашқы жеңілісіне ұшырады. Екінші турдағы матчта Джон ван ’т Схип шәкірттері Кошицеде Словакиядан 1:2 есебімен жеңілді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Алаң иелері кездесуді белсендірек бастап, біртіндеп Стас Покатиловтың қақпасына қысым жасай бастады.
26-минутта словактар дегеніне жетті. Бірнеше шабуылдың нәтижесінде Лео Зауэр гол соғып, командасын алға шығарды.
Алайда Қазақстанға есепті теңестіру үшін небәрі тоғыз минут қажет болды. 35-минутта Рамазан Кәрімов айып алаңының сызығына жақын жерде допты қабылдап, Мартин Дубравканың қақпасына жойқын соққы бағыттап, есепті теңестірді.
82-минутта бұрыштамадан кейінгі допқа Давид Ганцко бірінші жетіп, Словакияны қайтадан алға шығарып, ойын нүктесін қойды.
Осылайша Словакия қатарынан екінші жеңісіне қол жеткізіп, топтағы көшбасшылығын сақтап қалды.
Айта кетейік Қазақстан құрамасы келесі ойынын Қазанның екісі Молдоваға қарсы өз алаңында өткізеді.