Болгарияда клуб президентін атып кеткен

Болгарияда клуб президентін атып кеткен

Болгарияда Пловдивтің «Ботев» футбол клубының президенті әрі негізгі иесі Илиян Филипов қаза тапты, деп хабарлайды Prosports.kz.

NOVA телеарнасының елдің Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап хабарлауынша, кәсіпкер қарулы шабуылдың құрбаны болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, қайғылы оқиға футбол матчынан кейін Филипов үйіне бара жатқан кезде болған. Жергілікті құқық қорғау органдарының мәліметінше, шабуыл жасаған адам кәсіпкердің басынан атқан.

Илиян Филипов кәсіпкерлікпен айналысып, көлік және құрылыс саласында жұмыс істейтін компанияларға иелік еткен. Ол «Ботев» клубының бақылау пакетін 2025 жылы сатып алған.

Болгария чемпионатының биылғы маусымында Пловдив клубы өткізген матчтардан кейін турнир кестесінде 16 ұпаймен алтыншы орында тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или