Асенсио төрт айға жуық уақыт «Реалға» көмектесе алмауы мүмкін
Мадридтік «Реал» қорғаушы Рауль Асенсиоға ота жасалатынын хабарлады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Футболшының оң аяғындағы жіліншік сүйегінің стресс-сынуына байланысты операция жасау қажет.
Испаниялық Marca басылымының хабарлауынша, операциядан кейінгі қалпына келу процесі екі айдан төрт айға дейін созылуы мүмкін. Осылайша, Асенсио ұзақ уақытқа команда сапынан тыс қалуы ықтимал.
Ота жасау қажеттілігі өткен маусымның қорытындысы бойынша да қарастырылған. Медициналық штаб мәселені хирургиялық араласусыз шешуге тырысты. Футболшы арнайы қалпына келтіру процедураларынан өтіп, консервативті ем қабылдағанымен, күткен нәтижеге қол жеткізілмеді.
Тамыз айында жарақат қайта сыр берді. Бұл Асенсио бұған дейін бұлшықетіне байланысты алған басқа жарақатынан толық жазылғаннан кейін болды.