«Бавария» Олисе үшін жаңа келісімшарт дайындауда

«Бавария» Олисе үшін жаңа келісімшарт дайындауда

Мюнхендік «Бавария» француз қаптал ойыншысы Майкл Олисемен жаңа келісімшарт бойынша жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Германияның Bild басылымының хабарлауынша, клуб футболшымен жасалған келісімшарттың шарттарын қайта қарастырып, оны ұзақ мерзімге командада сақтап қалғысы келеді.

24 жастағы футболшының қазіргі келісімшарты 2029 жылдың жазына дейін есептелген. Алайда «Бавария» басшылығы онымен ынтымақтастықты тағы бірнеше маусымға ұзартуды жоспарлап отыр. Болжам бойынша, жаңа келісімшарт 2032 жылға дейін жарамды болады. Негізгі өзгерістердің бірі футболшының жалақысын көтеру болмақ.

Олисе 2024 жылдың жазында ағылшынның «Кристал Пэлас» клубынан «Баварияға» ауысты. Француз футболшысы биылғы маусымда жоғары нәтижелілік көрсетіп келеді: жеті матчта сегіз гол соғып, төрт нәтижелі пас берген.

Олиске Еуропаның басқа да топ-клубтары қызығушылық танытқан. Бұған дейін француз футболшысын «Реал» мен ПСЖ ықтимал трансфер ретінде қарастырғаны хабарланған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или