Холландқа қызығушылық танытып отқан клубтар көбейді

Холландқа қызығушылық танытып отқан клубтар көбейді

Эрлинг Холанд трансфер нарығындағы басты нысандардың біріне айналуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

X әлеуметтік желісіндегі The Touchline аккаунтының мәліметінше, «Манчестер Сити» клубының норвегиялық шабуылшысына үміткерлер қатарында француздық «Пари Сен-Жермен» мен лондондық «Арсенал» бар.

Бұған дейін 26 жастағы форвардқа Испанияның екі алпауыт клубы — мадридтік «Реал» мен каталониялық «Барселонаның» қызығушылық танытып отырғаны туралы ақпарат тараған еді. Холандтың «Манчестер Ситиден» кетуі мүмкін екені ағылшын клубына қатысты қаржылық іске байланыстырылады.

29 қыркүйекте тәуелсіз комиссия «Сити» клубына тағылған айыптар бойынша шешім шығарды. Клуб 115 эпизодтың 114-і бойынша қаржылық ережелерді бұзған деп танылды. Енді манчестерлік команда апелляция беру үшін белгіленген мерзімді пайдалануы керек. Бұл үшін 2 қазанға дейін уақыт берілген. Ықтимал салдарлардың қатарында Англия чемпионатынан шығаруға дейін баратын қатаң санкциялар қарастырылып отыр.

Клуб төңірегіндегі жағдайға қарамастан, Холанд алаңда жоғары нәтижелілігін көрсетіп келеді.  АПЛ-дың осы маусымында «Манчестер Сити» өткізген бес матчтың барлығында жеңіске жетіп, 15 ұпаймен турнир кестесінің көшін бастап тұр. Ал норвегиялық шабуылшы қарсыластар қақпасына бес гол соғып, қазіргі таңда чемпионаттың үздік сұрмергендері тізімінде көш бастап келеді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или