Қазақстан – Фарер аралдары матчына эстондық төрешілер қызмет көрсетеді

Қазақстан – Фарер аралдары матчына эстондық төрешілер қызмет көрсетеді

УЕФА Ұлттар лигасының жалпы кезеңіндегі төртінші тур аясында өтетін Қазақстан мен Фарер аралдары құрамалары арасындағы матчқа төрешілерді тағайындады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесуді эстондық мамандардан құралған төрешілер бригадасы басқарады.

Алаңдағы бас төреші қызметін Кристо Тохвер атқарады. Оған Силвер Кыйв пен Сандер Сага көмек көрсетеді. Қосалқы төреші – Карл Коппель.

Бейнеқайта қарауларға Марко Лийва мен Юрий Фришер жауап береді. Осылайша, алдағы матчтағы төрешілер құрамының барлығы Эстония өкілдерінен жасақталған.

Ойын 6 қазанда Астанадағы «Астана Аренада» өтеді. Кездесу жергілікті уақыт бойынша 19:00-де басталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или