Қазақстан құрамасының шабуылшысы Оралхан Өміртаев ауыр жарақат алды

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Оралхан Өміртаев ауыр жарақат алды

«Оқжетпес» пен Қазақстан құрамасының шабуылшысы Оралхан Өміртаев жаттығу кезінде ауыр жарақат алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Медициналық тексеріс барысында футболшының айқас байламдары зақымданғаны анықталды. Осыған байланысты ол маусымның қалған бөлігінде командасына көмектесе алмайды.

Жақын уақытта шабуылшы қосымша тексеруден өтеді. Осыдан кейін Өміртаевтың Германияға барып, ота жасатуы күтілуде. Одан соң футболшы ұзақ уақыт бойы оңалтудан өтеді.

Қазақстан Премьер-лигасының биылғы маусымында 26 жастағы шабуылшы көкшетаулық клуб сапында 25 матчқа қатысқан. Ол 9 гол соғып, бір нәтижелі пас берген.

Өміртаев «Оқжетпестен» бөлек, Қазақстан ұлттық құрамасының да ойыншысы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или