Жозе Моуринью 80 миллион еуроға бағаланған футболшы туралы пікір білдірді

Жозе Моуринью 80 миллион еуроға бағаланған футболшы туралы пікір білдірді

Мадридтік «Реалдың» бас бапкері Жозе Моуринью италиялық «Комо» сапында өнер көрсететін жартылай қорғаушы Нико Пас туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Журналистер португалиялық маманнан жас футболшы туралы сұрағанда, Моуринью қысқа жауап берді.

«Ол менің ойыншым емес», – деді маман күлімсіреп.

Айта кетейік, «Реалдың» келісімшарттағы арнайы тармақ арқылы өз түлегін қайтарып алу мүмкіндігі бар. Шетелдік БАҚ мәліметінше, мадридтік клуб басшылығы алдағы жазғы трансферлік кезеңде осы нұсқаны қарастырмақ.

Биылғы маусымда 21 жастағы жартылай қорғаушы «Комо» сапында барлық турнирде 15 матч өткізіп, алты гол соғып, сегіз нәтижелі пас берген. Transfermarkt порталы футболшының нарықтық құнын 80 миллион еуроға бағалап отыр.

«Реал» келесі кездесуін 24 қарашада Чемпиондар лигасы аясында ПСВ-ға қарсы өткізеді. Матч Астана уақытымен 25 қарашаға қараған түні сағат 01:00-де басталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или
реклама
реклама
реклама
реклама