Рафинья «Барселонамен» келісімшартын 2030 жылға дейін ұзартуға келісті
Бразилия құрамасының көшбасшысы Рафинья «Барселонада» өнер көрсетуін жалғастырады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Белгілі футбол инсайдері Фабрицио Романоның мәліметінше, бразилиялық вингер каталониялық клубпен келісімшартын ұзарту туралы келісімге келген.
Жаңа келісім 2030 жылдың маусым айының соңына дейін есептелген.
Дереккөздің хабарлауынша, келіссөздер толық аяқталған. Тараптар келісімшарттың негізгі талаптарын мақұлдап, футболшының өкілдері мен заңгерлер арасындағы барлық мәселені шешкен. Енді тек құжаттарды ресімдеу қалды.
Егер рәсімдеу жұмыстары кідіріссіз аяқталса, «Барселона» жаңа келісімшарт туралы осы аптаның өзінде ресми түрде жариялауы мүмкін. Рафиньяның жаңа келісімшартын таныстыру рәсімі алдағы жұмада өтуі ықтимал.
Рафинья каталониялық клубқа ауысқаннан бері команданың шабуыл шебіндегі негізгі ойыншылардың біріне айналды. Ол «Барселона» сапында 185 матч өткізіп, 89 гол соққан және 62 нәтижелі пас берген. Осылайша бразилиялық футболшы клуб құрамында 151 голдық шабуылға тікелей қатысты