Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасында бірінші орынға мүмкіндігінен айырылды
Қазақстан футболшылары Фарер аралдарымен өз алаңында тең ойнағаннан кейін (2:2) Ұлттар лигасындағы өз тобында бірінші орын алу мүмкіндігінен айырылды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кеше Джон ван ’т Схип шәкірттері 0:2 есебімен жеңіліп жатып, таразы басын теңестіріп, өз алаңында қарсыласымен ұпай бөлісті — 2:2.
С3 дивизионының 3-тобында төрт турдан кейінгі жағдай мынадай:
1. Словакия — 10 ұпай
2. Фарер аралдары — 4 ұпай
3. Молдова — 4 ұпай
4. Қазақстан — 2 ұпай
Енді қалған екі матчта жеңіске жеткен күннің өзінде Қазақстан бірінші орынға көтеріле алмайды. Екінші орын командаға плей-офф кезеңінде ойнауға мүмкіндік береді.
Қазақстан құрамасы топтық кезеңдегі соңғы екі матчын қараша айында өткізеді. 13 қарашада сырт алаңда Молдовамен кездессе, 16 қарашада өз алаңында Словакияны қабылдайды